«Жеңгесі боп қызымды айттырып кетті»: Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұппен құдағи болды

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаштың қызына сырға салып кетті.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның қайнысы мен әншілердің қызы осылайша екі әулетті туыс қылмақ.

“Біз қанша жыл дос болдық, енді құдағи болдық. Қуаныш пен Қарлығаштың қызына алдын ала дәстүр бойынша сырға салып, иелік жасап кеттік. Құтты болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын! Құдалықта маған күшті, ең қымбат бриллиант тақ, жарайды ма?”, – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Әнші Қарлығаш Сырлыбекова да актрисамен құдағи болғанына қуанышты екенін айтты.

“Жұлдызай аяқ асты қызыма сырға салып, жеңгесі болып келіп қалды. Анау-мынау емес, сенімен құдағи боламын деп кім ойлаған? Қызы бар үй болған соң, сырға салып,айттыру деген салт жүреді. Қызға сырға салынғаннан бастап, қыз үйдің қонағы екені сезіледі екен”, – деп жазды Қарлығаш Сырлыбекова.

Желі қолданушылары Жұлдызай мен Қарлығашты қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

“Жұлдызай өте керемет жан. Қарлығаш қызын беріп, құда болса өкінбейді”, Құтты болсын! Жастар бақытты болсын”, “Жақсы жаңалық екен”, – деп жазды желідегілер.