«Жауап жазуға тура келді»: Белгілі ақын Дина Төлепбергенді сынады

Фото: ашық дереккөздерден

Белгілі ақын Алмас Темірбай әлеуметтік желіде журналист Дина Төлепбергенге ескерту жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жақында журналист Дина Төлепберген ақын Алмас Темірбайдың «Рахмет саған, Ана» атты өлеңін оқып, жантебірентерлік видео жариялаған болатын. Ақын өлеңін оқығаны үшін Дина Төлепбергенге алғыс білдіргенімен, бірнеше ескерту жазып қалдырыпты.

«Өлең авторы ретінде айтарым, дұрысы, «Рахмет саған, мама» емес, «Рахмет саған, АНА». Қазақ болған соң «Ана» дегеніміз дұрыс. Атам қазақ сүтті биелерді ғана «мама бие» деген. Мама — орыстың түсінігі, совет заманында енген сөз.

1) автордың сөзін өзгертуге болмайтынын жақсы білесіз. Мысалы, Абайдың, Мұқағалидың өлеңін әр оқыған адам бір-бір сөзін өзгерте берсе, өлеңнің не жаны қалады?

2) бұл елге танымал өлең болған соң оқырмандардан жекеме хаттар келіп жатыр, «Өлеңіңізді өзгертіп тастапты» деп. Сондықтан, коммент жауап жазуға тура келді. Айып етпеңіз.

3) журналист болған соң, білесіз, әрбір ақпаратқа фактчетинг жасап, интернеттен оригинал нұсқасын қарауыңыз керек еді. Әттең, бір кем дүние…», — деп жазды ақын.