Қазақстан жастарының құндылықтарының қалыптастырудағы діннің рөлін зерделеу аса маңызды, әсіресе соңғы жылдардағы қайғылы оқиғалар тұрғысынан өзекті. Соңғы жылдары республикада орын алған қайғылы оқиғалар Қазақстандық қоғамның елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін әлсірету қаупімен бетпе-бет келгенін көрсетеді. Ел халқы мемлекет пен бейбіт тұрғындарға үлкен қауіп төндіретін террористік актілер мен экстремизм көріністерінің барлық жағымсыз салдарын шынымен сезінді.
Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында халықтың діндарлығының бұлжытпай өсуі жүрді, ал жастар арасында бұл көрсеткіш айтарлықтай серпінді көрсетіп отыр. 2003 жылы өздерін діншіл деп атаған респонденттердің үлесі 38,7% құрады. 2007 жылы респонденттердің 77,3% өздерін діншіл деп атады. 2009 жылы жас қазақстандықтардың 83,3% өздерін діншіл деп атады. Жалпы зерттеулер жастар арасында діндарлық пайызы өсуінің белсенді динамикасын көрсетеді. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда 70% мұсұлмандар, 26% христиандықтар, 2,8% атеисттер және 1% өзге дін өкілдері.
Жастар арасында діндарлықтың үш түрін бөлуге болады:
- саналы — дінді мағыналы ұстану (атрибутика, сөйлеу мәнері, дұға ету);
- іріктемелі — күш, уақыт, қаржы шығындарын талап етпейтін салттарды орындау;
- «сәнді» — уақыт, қоршаған орта, өмірдегі қиындықтар және т. б. әсерінен дін ұстану
Ел жастары өмірінің басты айқындаушы қағидаттары (оның көп бөлігі) зайырлы секулярлық құндылықтар болып табылады және олар жаһандық және бұқаралық мәдениет белсенді насихаттайтын ұғымдарға оңай сәйкес келеді.
Жастардың шамамен 10% белсенді сенушілер деп атауға болады. Олар діни қауымдастықтың өміріне қатысады және діни нормаларды ұстанады. Әлеуметтік сауалнамалар қазақтар мен басқа ұлт өкілдері (қазақтар мен орыстардан басқа) арасында діндарлықтың ең жоғары деңгейін – қазақтар арасында белсенді сенушілердің шамамен 13% және басқалар арасында 23% астамын белгілейді.
Діндарлықтың ең төменгі көрсеткіші орыс ұлтының жас өкілдері арасында белгіленеді (шамамен 8%), мұнда атеистер мен агностиктердің ең көп саны бар.
Бүгінде Қазақстанда 14-29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 28% құрайды. Бұл ретте, қалаларда тұратын жастар 56% құрап, 44% құрайтын ауылдық бөліктен сәл басым болады. Әлеуметтанулық зерттеулер көрсеткендей, жастардың көпшілігі дәстүрлі конфессиялардың жақтаушылары. Жас қазақстандықтардың бір конфессиядан екіншісіне ауысу жағдайларының жиілеп кетуіне қарамастан, жастардың көпшілігі ислам мен православиенің жақтаушылары болып табылады. Жастар дәстүрлі де, жаңа да діндердің бәрі тең құқыққа ие болып, Қазақстан аумағында еркін дамуы тиіс, алайда мемлекет зорлық-зомбылық пен діни төзбеушілікті насихаттайтын діни ілімдердің жолын кесуі тиіс деп есептейді.
Жалпы, әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін салыстыру келесі түрде көрінеді:
- Біріншіден, жастар арасындағы діни сәйкестіліктің өсу қарқыны.
- Екіншіден, жастардың көпшілігі ислам мен православиенің жақтаушылары. Мұны 2009 жылғы санақ қорытындысы дәлелдейді, оның барысында респонденттерге дінге деген көзқарас туралы сұрақ қойылды. Санақ нәтижелері Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерін қандай да бір дінге жатқызғанын көрсетті.
- Үшіншіден, жастардың діндарлығы үстірт сипатқа ие, ол діннің ішкі бағытымен сипатталады, діни рәсімдерді орындау мен білуді қажет етпейді және діни өмірге қатысудың төмен деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері өзін белгілі бір конфессияға жатқызу ұлттық-мәдени дәстүрмен анықталатын тәсілдің басым екендігін растайды (қазақ – мұсылман, орыс – православие дегенді білдіреді). 2007 жылғы сауалнамаға сәйкес, жастардың 58,5% туғаннан бастап дінді ұстанатындарын айтты. Бұл ерекшелік 2000 жылы атап өтілген және қазіргі уақытта сақталуға бейім. Жас халықтың дінге үстірт қызығушылығы әлсіз діни білімге алып келуі мүмкін.
- Төртіншіден, жастар діннің қоғамдағы рөлін оң бағалап, оның ықпалын күшейту қажеттігін атап өтті.
Қазақстандық жастардың негізгі бөлігі дұрыс тәрбие алды және алады; ол патриоттық және рухани, физикалық және психологиялық жағынан мықты және сау. Елде жастардың ізденгіш, рухани болмысын іске асыру, сондай-ақ оның әлеуметтік проблемаларын шешу үшін барлық жағдай жасалуда. Біздің жастар өте прогрессивті, олар барлық заманауи технологиялық құралдарды игерді, әлемнің кез-келген еліндегі жастардың зияткерлік мүмкіндіктерінен кем түспейді. Жастар рухани тәлімгерлерді таңдауда өте мұқият болу керек. Жалған конфессиялардың үндеулерін соқыр қабылдамай, әр іс-әрекеті мен қадамын мұқият және ұтымды ойлап, оларды заңдылық призмасы және қоғамда қалыптасқан мінез-құлық пен мораль нормалары оң бағытта екенін білу қажет.
Ақберген ӘЛІШЕР,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.
ПІКІР ЖАЗУ