Биыл желтоқсан айының 14 жұлдызында сағат 16:00-де Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жастарға арналған жыл сайынғы «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін өткізуді жоспарлап отыр.
Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты жастарды елімізде бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және ынталандыру болып табылады.
Жыл сайынғы «Bastau Talks» қоғамдық дәрісін өткізудің өзектілігі біздің еліміздің стратегиялық міндеттеріне байланысты, атап айтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру, нарықтық экономиканы дамыту, ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, «Мықты бизнес-мықты мемлекет» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік моделін құру.
Аталған шараға Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту орталығы» ТжКБ жоғарғы курс студенттері қатысады.
Спикерлер ретінде: Ильясова Динара Серікқызы – «Founderschool» жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы; Урунбаева Нилюфар Халматовна – бизнес бағыты: Мейрамханалық іс; Сүлейменова Индира Мұхтарқызы – «ЖК Ramada Group» құрылыс фирмасының басшысы; Құрманалин Ринат Абайұлы – «Fillin Group» бас директоры; Абдрахманова Жібек Қанатқызы – JK brand ЖК «Jk» тігін ісінің жетекшісі; Мащинская Елена Ивановна – «Той Дастархан» директоры.
Өтетін орны: Көкшетау қ. «Достар» МҮ.
Ақмола облысы
Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық
орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
ПІКІР ЖАЗУ