Жасанды интеллект медицинада: ChatGPT психиатриялық дәлдік көрсетті

Taulik.kz

Ғалымдар ChatGPT-тің психиатриялық диагноз қоя алатынын дәлелдеді деп хабарлайды Ozgeris.info

Жасанды интеллект тек мәтін жазумен немесе сұрақтарға жауап берумен шектелмейді. Соңғы зерттеулерге сәйкес, ChatGPT психиатриялық ауруларды анықтау мен емдеуде нақты көмек көрсете алатын деңгейге жеткен.

Ғалымдар жүргізген тәжірибелер барысында ChatGPT-ке түрлі клиникалық жағдайлар сипатталған мәтіндер берілген. Жүйе бұл жағдайларды талдап, нақты диагноз қойып, емдеу әдістерін ұсынған. Ең қызығы — ол ешқандай қателік жібермеген. Бұл — жасанды интеллекттің медициналық салада, әсіресе психиатрияда диагноз қоюда сенімді құралға айналып келе жатқанын көрсетеді.

Зерттеушілер бұл технологияны дәрігерлердің орнын басатын құрал ретінде емес, көмекші ретінде қарастыру керектігін айтады. ChatGPT науқастың жағдайын тез әрі жан-жақты талдап, дәрігерге шешім қабылдауда қосымша ақпарат ұсына алады.

Айта кету керек, бұған дейін ChatGPT медицина лицензиясын алу үшін қажет емтиханнан сәтті өтіп, теориялық білімі бойынша дәрігерлер деңгейінде нәтиже көрсеткен.

Бұл зерттеу нәтижелері жасанды интеллекттің тек технология саласында емес, медицина мен адам денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер ұсына алатынын дәлелдеп отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы зерттеулер тереңдей түсіп, AI мен дәрігерлер арасындағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей