«Жарық жоқ, есесіне камера барлық жерде бар»: Қараңғы қапастағы риддерліктер әкімдікке жаппай шағымдануда

Фото: Pixabay.com
Риддер қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде көшелерде жарықтың жоқтығына жаппай шағымдануда, деп жазады ozgeris.info.
«Тұрғындар үндеуі. Ульба 4 ауданының тұрғындары қараңғылықта өмір сүруден шаршады. Маусым айының басынан бері біздің көшеде жарық жоқ. Жарық шамдары Гэсовская көшесі, 12, 10 үйлерінде және Дрейман көшесі, 20, 18 үйлерінде орналасқан. Маусым және шілде айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне телефон соқтық, бізге өтінім берілгенін, күтуіміз керегін айтты, Алайда ешқандай нәтиже болмады. 2 қыркүйекте ресми өтінім бердік, жақын арада мәселе шешілетініне уәде етті, бірақ тағы да еш өзгеріс жоқ. ТКШ бөліміне бардық. Ол жердегілер алдымен плафондардың жоқ екенін айтты, кейін жақында жарық қосылады деді. Артынша автовышка жоқ, тиегіш жоқ деп сылтауратты. 19 желтоқсанда соңғы рет барғанда, 2024 жылға бюджет аяқталғанын, көктемде жасалатынын айтты. Қазір алты ай бойы қараңғылықта өмір сүріп жатырмыз. Балаларды қосымша сабақтарға жіберуге қорқамыз. Қарт кісілер жайлы тіпті айтпай-ақ қояйық. Риддер қаласының әкімдігінен, Риддер қаласының полициясы мен прокуратурасынан қала көркейту ережелерін бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұраймыз. Аталған мердігер ұйым осы учаскеде жарты жылдан астам уақыт бойы өз келісімшарттық міндеттерін орындамай отыр», — деп шағымданды тұрғындар cheremshanochka_vesti парақшасында.
Сондай-ақ тұрғындардың жарты бөлігі қаланың қақ ортасында да жарық жоқ екенін, есесіне камера барлық жерде барын  түрлі парақшаларда жарыса жазды.
@Borovikovae98: «Чапаев көшесінде де жаздан бері жарық жоқ, біз енді өзіміз мердігерлерден барып сұраймыз ба?», @Nadezhdamolostoya: «Герцен көшесі де жарықсыз!», @beliipux1: «Герценде камералар ілінген, ал көшеде жарық мүлдем жоқ, бұл – қаланың орталығы ғой».