«Жарнама арқылы ақша тапқан емеспін!» Салық «төлемегендер» не дейді?

Коллаж

Желіде салық төлемей, одан жалтарғандар «тізімі» тарады. Ондағы танымал қазақстандықтар бұл жайтқа қатысты не дейді? Оzgeris.info тілшісі анықтап көрді. 

Тізімде көш бастап тұрған Бейбіт Әлібеков «Мені Forbes-қа қоссаңдар болмай ма?» деп жазған.

Ашық дереккөз

Ал қазақстандық тележүргізуші, актриса әрі блогер Дарья Александрова салық органдарынан алған хаттан соң жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскенін айтты.Оның айтуынша, мемлекеттік кіріс органдарынан келген хабарламада блогердің 120 млн теңгеден асатын табысын жасырғаны көрсетілген. Жүкті әйел ауруханаға жатуға мәжбүр болғанын алға тартып, қызметімді жеке кәсіпкерлік арқылы заңдастырдым деп отыр.

Ләйлә Сұлтанқызы барлығын заңды түрде істеп жүргенін ашып айтты.

«Салық туралы… Қымбатты оқырманым, әлеуметтік желіде тарап жатқан мына суретті маған жарыса жіберіп жатыр екенсіздер. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын. Бірақ бірден айтайын, менің оборотым мына жерде көрсетілген сомаға сай келмейді. Әрі 2023 жылы 10 шілдеде күшіне енген Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Қазақстан Республикасының Заңына сай толығымен жұмыс істеп жатырмын деп сенімді түрде айта аламын. Мен өзім салық, құжат дегендерге бей-жай қарай алмайтын адаммын. Оны көмекшілерім де, заңгерім де, есепшім де (бухгалтер) растай алады», — деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы салық органдарына жүгініп, міндетті түрде қайта тексерісті талап ететінін айтты.

«Кәдімгідей қандарын ішем ғой. Сондықтан да алдағы уақытта салық органдарына жүгініп, міндетті түрде қайта тексерісті талап етемін. Салықтан ешкім жалтармайды, жалтармауы да тиіс. Ол әлеуметтік саланың бірден-бір қайнар көзі. Жанашырлық танытып жатқан жандарға да алғыс. Алдағы уақытта салық есептелігінің нәтижесімен міндетті түрде бөлісемін. Әзірге осы. Сосын бар ғой, жақсы білесіздер оқырмандарым көп болған соң, құрбы-құрдас, таныс, дос-жаран, туыстардың кәсібіне ашық жарнама жасап беретінімді. Ниетім біреу ғана — тілеулес жандардың кәсібінің жүргені», — деп тележүргізуші әлеуметтік желіде жазды.

Тізімдегі кәсіпкер Сырымбек Тау да пікір білдірді. Ол 114 миллион теңге салық төлемеген деп жазылған.

«114 миллион теңгеге жарнама жасап, салық төлемеді немесе блогер ретінде 114 миллион теңге табыс тапты деген ақпарат түсініксіз. Осы мәселеге қатысты есепшім барлық құжаттарды мұқият тексеріп, 2022-2023 жылдарға қатысты мән-жайды анықтайды. Естеріңізде болса, туған күнімде ешқандай сыйлық қабылдамай, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына көмектесейік» деген бастама көтердім.  Сол кезде 77 миллион теңге жиналып, оның үстіне өз қаражатымнан қомақты үлес қосып, орталыққа бердік», — дейді кәсіпкер.
Ол әр қазақстандықтың банк картасы тексерілуі мүмкін екенін айтты.
«Қазіргі күнге дейін сол орталықтың шығынын өз мойныма алып келемін. Бүгінде ай сайын 300-ден астам бала тегін емделеді. Егер банктік карталарға түскен қаражаттарды осылай салық есебіне енгізетін болса, онда әрбір Қазақстан азаматының картасы тексерілуі мүмкін. Бұл жағдай сіздің де басыңызға түсуі ғажап емес, сол себепті кіріс-шығысыңызды есептеп жүргеніңіз абзал. Мен жарнама арқылы ақша тапқан емеспін! Құдайға шүкір, өз кәсібім бар, табысым өзіме жеткілікті азаматпын», — дейді кәсіпкер.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!