Жапондықтар ашу мен таңданысын білдіре алатын қорқынышты робот баланы жасады

Жапон инженерлері бет-әлпеті алты түрлі эмоцияға еліктей алатын робот бала жасады. Адамдардың эмоцияларына реакциясын зерттейтін мақала Frontiers in Psychology-де жарияланды.

Робот Ватару Сатоның басшылығымен RIKEN Guardian Robot Project жобасы барысында жасалған. Робот Nikola деп аталды және ол шашсыз балаға ұқсайды.

Nikola-ның бет-әлпетін жасанды бұлшықеттердің қозғалысын басқаратын 29 пневматикалық актуаторлар басқарады. Тағы алты актуатор бас пен көздің қимылын басқарады. Сығылған ауаны пайдалану арқылы қатты дыбыстарсыз қозғалыстардың ерекше бір қалыптылығы мен жұмсақтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Инженерлер бұрын бет әлпетін зерттеу үшін қолданылған FACS жүйесі негізінде актуаторларды орналастырды. Оның көмегімен алдыңғы зерттеулер барысында іс-әрекеттің бірнеше бет бірліктерін бөліп көрсетуге болады: мысалы, «жақтарды көтеру» немесе «ерінді тыртиту».

Зерттеушілер Nikola эмоцияларының дұрыс оқылатындығына қызығушылық танытты. Еріктілер алты әдеттегі эмоцияны тұрақты түрде танитыны белгілі болды: қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу, таңдану және жиіркеніш. Сонымен қатар, бұл роботтың синтетикалық терісі өте серпімді емес, сондықтан эмоция білдіру барысында қатпарлар қалып жатады.

 

 «ozgeris.info»