«Жап-жас қыздарды зорлау көбейді»: Сенатор ерте жүктілік мәселесін көтерді

Фото: pixabay.com

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздегі ерте жүктілік мәселесін депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Депутаттың сөзінше, соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші айтарлықтай артқан.

«Бұл енді пандемия кезінде басталған екен. Кейінгі төрт жылда бұл үрдіс бір деңгейде сақталып келе жатыр. 2023 жылы қаршадай қыздар арасында 5094 босану фактісі тіркеліп отыр. Бұл сол кезеңдегі жалпы туу көрсеткішінің 1,3 пайызын құрайды. Имандылықтың ұясы деп есептелетін ауылдық жерде екі есе артып отыр… Жап-жас қыздарды қорлау да, тіпті зорлау көбейді. Бұл жағдай да ерте жүктілікке әкеледі. Бірақ көбіне мұндай оқиғалар жабулы күйінде қалып, қыздар ішінен тынады. Көрсек те, көрмеген болып, білсек те, білмеген болып осылай отыра береміз бе?!», – деп ашынады ол.

Үкімет басшысына жолдаған сауалында Нұртөре Жүсіп барлық жауапты органды мұндай маңызды мәселеге көз жұма қарамауға шақырды.

«Бұл проблемаға айрықша назар аудармаса болмайды. Бұл – өте нәзік әлеуметтік мәселе. Бала көтеретін жасқа келген қазіргі жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық жағдайы алдағы 10-15 жылдағы туу мен демографияға тікелей әсер ететіні анық. ҚР Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасөспірімдер арасында жүктілік пен туу санының өсу себептеріне ведомствоаралық талдау жүргізу қажет.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнаманың орындалуына мониторинг пен бақылауды күшейту аса маңызды. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының ерте жүктілік қаупі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен құқықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жедел қолға алу керек», – дейді депутат.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог: "Хотите снизить давление? Прекратите добавлять в еду…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Вашингтон с 19 февраля имеет право получить...