Жантүршігерлік: Жамбыл облысында 36 жастағы ер адам анасын өлтірген

Жамбыл облысында адам шошырлық қылмыс тіркелді. Ұлы туған анасын өлтірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті — жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.