«Жанкештілік»: тағы бір кәсіпкер Олимпиадада жеңіліс тапқан Әбибаға стипендия береді

Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей Олимпиадада жүлде ала алмай қалған Әбиба Әбужақыноваға стипендия бермек, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Токио олимпиадасында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен стипендия иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж олимпиадасында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар?» — деді ол.

Желі қолданушыларыны бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

«Өте жақсы идея, дұрыс», «Қос қолдап қолдаймыз!!!», — деді желі қоданушылары.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының жүлдесіне қол жеткізе алмады.

Еске салайық, бұған дейін Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров та Олимпиадада жеңіліс тапқан Әбибаға сыйақы беретінін айтқан еді.