WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл жөнінде танымал боксшы Х әлеуметтік желісінде жазды.
«Мен дайындықты бастадым. Жақында жекпе-жек!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, жекпе-жектің нақты уақыты әлі белгіленбеген.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы осы жылдың шілде айында шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Алайда боксшының денсаулығына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
ПІКІР ЖАЗУ