Жаңбыр, найзағай, бұршақ: демалыс күнгі ауа райы қандай болады?

Ult.kz

“Қазгидромет” РМК 2025 жылғы 26 сәуір, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Астанада түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C. Күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Алматыда түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C. Ауа райы жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с.

Абай, ШҚО, Алматы, Жетісу, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, температура +20…+36°C аралығында.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО, Ұлытау облыстарында жаңбыр, найзағай, кей өңірлерде бұршақ болжанады. Желдің екпіні кейде 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысында күн ашық, +30…+32°C дейін ысиды. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың бірқатар өңірлерінде найзағай мен екпінді желге байланысты ескерту жариялануы мүмкін.