Сарапшы: Жанар-жағармай бағасын өсіру арқылы тапшылықты жоямыз деу — қате

Фото: ашық дереккөз

Олег Червинский Argus-қа сілтеме жасай отырып Ratel порталында материал жариялады. Материалда желтоқсанда Тәуелсіздік күніне, қаңтарда — фантомдық флешбэктерге байланысты жанар-жағармай бағасының әзірге шарықтамай тұрғанын, алайда ақпан айында бағаға қатысты өзгерістер болатыны жазылған, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтың пікірінше, жанар-жағармайдың бағасын өсіру арқылы қандай да бір тапшылықты жоямыз деген қорытындыға келу қате шешім.

Жоғарыдағыдай себеппен өлшейтін болсақ, бағаға қатысты өзгерістер ақпан айында да болмауы мүмкін. Өйткені наурызда кезектен тыс Парламент сайлауы өтуі мүмкін. Әзірге бұл туралы ақпарды жоққа шығаруда.

Айына 2 теңге жылына — 24 теңге , ал тоқсанына 10 теңге — 40 теңге. Осы жерде сандар сәйкес келмейді.

Жыл соңына дейін АИ-92-нің бағасы 250 теңге болғандығы жағдайды құтқара ала ма? Қырғызстандағы бағалар туралы алдыңғы жазбадан көріп отырғаныңыздай — жоқ. Оның үстіне жыл басынан бастап Ресей Федерациясында да баға көтеріледі.

Неліктен бұл құтқаруға қауқарсыз? Өйткені Қазақстанда тапшылық. Ал ол күн сайын өсіп келеді. Қазір Ресейден импорттау арқылы балансты ұстап тұрмыз. Бірақ ҚМГ шексіз жоғары бағамен сатып алып, Қазақстанда шығынға батыратын арзан бағамен сата алмайды. Бұл уақыт өте келе Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы екі түрлі болады дегенді білдіреді. Кейде болмай қалатын қазақстандық жанар-жағармай және удай қымбат ресейлік жанар-жағармай. Біздің көлігіміз кімнен, қайдан келген жанар-жағармаймен қозғалыста жүргенін ешкім айтпайды.

Оның үстіне әркімнің белгілі бір себептермен девальвациялық күтулері бар. Ал импорттық болсын, отандық болсын жанар-жағармай — доллар бағасы, — деді ол.

Сарапшының  сөзінше, Тоқаев Премьер-министр болғанда да, Президент болып отырғанда да бензин бағасы анау айтқандай өспеген, тіпті өзгеріссіз десе де болады.

Бұрын жариялағандай: Қасым-Жомарт Кемелұлы 2000-жылдардың басында Премьер-министр болған тұста да, қазір ел басқарып отырған уақытта да бізде жанармай бағасы бірдей. Сол жылдары АИ 92-93 бағасы -40 цент болса, қазір — 42 цент. Белгілі Чиновник арнасы сандарды білмегенім үшін мені сөксе де — сол жылдардағы АИ-93 бағасына қарап-ақ олардың кеше де, бүгін де бір сорт болғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, бұл уақыт аралығында сапасы жақсарды.

АИ-92 үшін нақты шығынсыз баға кемінде 60 центті құрайды. Бұл бір доллардың қазіргі бағамы 490 теңге болса, 294 теңге. Алайда, келесі жылы мемлекеттік бюджетке қарағанда, валюта бағамы көтеріледі, демек, айына 2 теңге, тіпті жылына 30-40 теңге баға мен шығындардың теңгерімсіздігі мәселесін шешпейді.

Келесі жылдың соңына қарай бағам 540-550 теңге шамасында болуы мүмкін деп есептесек, Үкімет ұсынып отырған 205+24 немесе 205+40 деңгейі бұрынғысынша 42-45 цент!

Осылайша, бұл бағаны теңестіру немесе тіпті көтеру емес. Бұл — доллар бағамының өсуі кезінде бағаны бірдей доллар деңгейінде ұстау жоспары ғана.

Қарапайым болжам: бағаның жоспарланған «өсуі» ішкі нарықтағы тапшылықты жоймайды, — деп түйіндеді сарапшы,