Жаңа жыл — жаңа күнтізбелік жыл басталып, күнтізбенің жыл саны бірге өсетін күн не уақыт. Қазіргі уақытта ең таралған Григориан күнтізбесі бойынша ол мейрамды 1 қаңтарда атап өтеді.
Жаңа жыл туралы өлеңдер
Жаңа жаңа арман жетелеп,
Жетістік пен сәттіліктер көп болсын.
Жақыныңа кек сақтаумен, өкпелеп,
Жаңылулар түбегейлі жоқ болсын.
Жаңа жылда ырыс толып үйіңіз,
Жарқын жүзбен жымиыңыз, күліңіз.
Жақсылықтар серік болып тек қана,
Жылулыққа әрдайым кенеліңіз.
Жаңа жылда бағындырып белесті,
Жүзіп өтіп, қиындық пен күресті,
Жалауы боп қуаныш пен шаттықтың,
Жете беріп, көріп-дағы жеңісті.
Жаңа жылда бақыт құсы дарысын,
Жарқыраумен биіктерге самғаңыз.
Желдей жүйрік желмен бірге жарысып,
Жаныңыздың қуат-күші талмасын!
Жаңа жылда мол береке тілеумен,
Жайдарлықты бойыңызға ту етіп.
Жадыраумен әр күн сайын күлумен,
Жүз жасаңыз, ұзақ өмір сүрумен!
***
Тілек бар саған айтар, Жаңа жылым,
Жаңа жыл белесінде жаңа жырым.
Аспандап енді-енді барады үнім,
Айтпастан саған бүгін тілектерін,
Тілексіз бұл өмірде қалады кім?
Тілегім жанның бәрін аялағын,
Алдынан шыға берсін сая бағың.
Қорқыныш, үрейіңді таямағын,
Жаңа жыл, жарықтығым, адамзаттан
Жақсылық атаулыны аямағын.
***
Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,
Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!
Қазағымның айқара ашып есігін,
Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!
Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,
Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!
Төрт түлігім түгел болып жерімде,
Арылмасын дастарқаннан ақ деген!
***
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!
Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!
***
Қайырлы күн, барша туған-туыстарым,
Құтты болсын бұл келген жаңа жылың!
Тышқан жылы кенеліп шын бақытқа,
Өсе берсін бұл жылда табыстарың.
Бола берсін бұл жылда қызықтарың.
Тойлай бер қырық, елу, алпыстарың.
Құтты болсын алатын қоныстарың,
Қуанышпен тойла, өмір парақтарын.
***
Келді тағы жаңа жыл
Қуантуға біздерді,
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
***
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп қала берсін!
***
Жырмен өтсін күнің,
Таусылмасын сырың.
Батқан күнмен кетсін,
Мұңың болса бұрын.
Атқан таңмен атсын,
Ақ арманың гүлің.
Жүзің жарық болып,
Шалқып шықсын нұрың!
Жаңа жылдық тілек,
Осы болсын бүгін!
***
Кейде көңілің қалған,
Кейде тәтті балдан –
Дүние бұл жалған,
Қарап көзің талған.
Бақыт нұрын шашсын,
Ататын таң алдан.
Таусылмасын нәсіп,
Толып ақсын арнаң.
Ақталсын пәк үміт,
Жаңа қауыз жарған.
Баянды боп келсін,
Орындалсын арман!
***
Жаңа жыл, бәрі-бәрі жаңаруда,
Аспаннан ақша қар боп тарады нұр.
Тілегім бе? Тілегім – жүрегімнің,
Орындалса болғаны қалауы бір.
Ақ қармен жағаласып жүрегімнен,
Жоқты тілеп жабырқап тамады нұр.
Білемін, түсінемін, бұл жылы да,
Сор жаным еншісінен қалады құр.
Жаңа жыл, дала салют, толы шуға,
Шампан толы бокалдар соғысуда.
Тар балконнан бақылап әлі тұрмын,
От жанымның батқандай шоғы суға.
Ешкімменен ісім жоқ ешкімнің де,
Жұмысы жоқ, жайымды жорысын ба.
Бос қиялдап, баяғы бала ғашық,
Армандадым көрінсе деп жол ұшында,
Жаңа жыл, бәрі-бәрі жаңаруда,
Ашып қалды пердесін таң ару да.
Жаңара алмай тағы да тағы қалдым,
Сол қалпымда, көлшік мұң жанарымда.
***
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
***
Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,
Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!
Қазағымның айқара ашып есігін,
Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!
Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,
Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!
Төрт түлігім түгел болып жерімде,
Арылмасын дастарқаннан ақ деген!
***
Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым,
Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым!
Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,
Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың.
Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым,
Жаңа жылым, күнделікті жұмысым!
Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап,
Сәбиімнің бұза көрме тынышын!
Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,
Жаңа жылым, достық үнін таратқан!
Елің үшін, жерің үшін кең байтақ,
Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!
Жаңа жылым, ырысы мол, дана бір,
Жаңа жылым, жазылмаған жаңа жыр!
Өз еліме ала келсін қашанда,
Жаңа жылым, жаңа бақыт, жаңа нұр!
***
Өзің де бір ардақты жан екенсің,
Армандарың алып шыңға көтерсін!
Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,
Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру