Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Арал теңізінің бүгінгі күйін көріп, көңіліне қаяу түскенін айтып, ойымен бөлісті. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
– Кезінде шалқыған теңіз бүгінде шөл далаға айналған… Кенезесі кепкенге дейін көлемі жөнінен әлемде төртінші орынды иеленген Арал теңізінің бүгінгі күйі осындай… Жан сыздатарлық көрініс.., – деп жазды ол.
Қанат Айтбаев әлеуметтік парақшасында Қарақалпақстанның Мойнақ елді мекенінде жүргенін көрсетті.
Айта кетерлігі, Арал теңізі – ХХ ғасырдың ортасында Қазақстан мен Өзбекстан арасында орналасқан үлкендігі жағынан әлемдегі төртінші ірі көл. Оның сол кездегі алып жатқан аумағы 70 000 шаршы шақырым еді. Алайда 1960 жылдары аймақта суару жобалары басталып, теңізге суын құятын өзендерден су көп көлемде алына бастады. Салдарынан теңіздің суы тартыла бастады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру