«Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасының кезекті шығарылымында дзюдодан Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова өміріндегі қайғылы оқиға туралы ашық айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Достарым көп емес, спорт салаында бар. Спорт саласында дос көп қой, бірақ қатты араласатын досым жоқ. Болған 1,5 жыл бұрын жан досым жол апатынан қаза тапты,» — деді Абиба бағдарлама барысында.
Абиба Әбужақынова спорттағы табыстары мен жеке өміріндегі қиындықтарды жеңе отырып, болашаққа сеніммен қарайтынын айтты. Оның бұл сұхбаты жанкүйерлеріне тек спортшы ретінде ғана емес, өмірдің сынақтарына төтеп бере білетін қайсар адам ретінде жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.
ПІКІР ЖАЗУ