Жамбылда «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады

Жамбыл облысында үшінші жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да өз жалғасын табады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға 2 млрд теңге бөлініп, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, тағы 1 млрд теңгесі «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде биыл 135 жасты баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда тараптар арасында келісім жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, аталған бағдарлама аясында былтыр 144 жас аталған бағдарлама аясында баспаналы болған еді.

Бүгінгі күні облыста 14 пен 35 жас аралығында 354 мыңнан астам жас тұрады. Бұл – облыс тұрғындарының 29 пайызы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...