Жамбылда екі отбасының мүшелері газға уланып көз жұмды.
16 қазан күні Қызылшарық ауылындағы жеке тұрғын үйде табиғи газбен жанатын пеш өшіп қалып, 3 адам уланған. 61 жастағы үй иесі мен оның 36 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды.
Ал 17 жастағы немересі ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ 17-ші қазанда Тұрар Рысқұлов ауданы, Жарылсу ауылында да бір отбасы иіс тиіп, үй иелері мен екі баласы қайтыс болды.
Мамандардың мәліметі бойынша, шәйнек қайнағанда газ плитасы ашық қалған. Қазір осы оқиғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ