Жамбыл облысында жеңіл көлік пен танк соғысты

Жамбыл облысында Mercedes автокөлігі мен Т-72 танкі соғысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл жайлы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

«Гвардиялық гарнизонның «Мәтібұлақ» оқу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mersedes маркалы автомобиль жол қозғалысы ережелерін бұзып, Т-72 танкімен соғысқан. Әскери техниканың қозғалатын жері «танкке жол бер» белгісімен жабдықталған. Оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде», — деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі.

Ведомство жеңіл автокөліктің жүргізушісі жеңіл жарақат алғанын, бірақ ауруханаға жатқызудан бас тартқанын атап өтті.

Фото: Қорғаныс министрлігі