Бірінші сатыдағы сотта Жамбыл облысының тұрғыны анасын өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ер адам сот шешімімен келіспеді.
Қылмыс 2024 жылдың қыркүйегінде болды. Жамбыл облысының тұрғыны мас күйінде туған анасын кеудесіне пышақпен соққан. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды.
«Сот отырысында сотталушы өкініп, кінәсін ішінара мойындап, кісі өлтіру ниеті болмағанын және бәрі кездейсоқ болғанын айтты», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Бірінші сатыдағы сотта ол адам ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға колонияға кесілді.
Жазамен келіспеген сотталушы бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды өтінді.
Апелляцияда шағым қанағаттандырылмады, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
ПІКІР ЖАЗУ