Жамбыл облысында алтын ұрлағандар ұсталды

Фото: ашық дереккөзден
Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Zakon.kz»-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 1976, 1992, 1994 және 1990 жылдары туған алты жұмысшы ұстады. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеуде анықталғандай, ұсталған адамдар 21 сәуірде кен орнына жүк көлігімен келіп, рұқсатсыз құрамында алтыны бар кенді қазып, 20 қапқа салып алған. Сондай-ақ тексеру кезінде ұрылардан префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда сот-химиялық сараптамасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі белгіленетін болады.

«ozgeris.info».