Жамбыл облысының прокурорлары азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2025 жылғы 29 қаңтарда Жамбыл облысының прокурорлары бейнебақылау камераларының көмегімен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын тексеру барысында Тұрар Рысқұлов ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары тарапынан қылмыстық іс бойынша күдіктіге азаптау қолданылғанын анықтады.
ҚР ҚК 146-бабының 2-бөлігі (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер, азаптаулар) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ПІКІР ЖАЗУ