«Жалған ақпарат таратқандар жазалансын». Атышулы Хасан Қасымбаев үндеу жасады

Фото: видеодан кадр

Алматы облысы, Талғар ауданындағы «банданың» жетекшісі атанған Хасан Қасымбаев желіде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өз сөзінде Қасымбаев ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, қылмыскерлердің жазаға тартылатынына сенім білдірді.

Құрметті қазақ елі! Мынау бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпараттағы Қасымбаев Хасан мен боламын. Талғардағы болған қайғылы оқиға, Шерзат деген баланың қазасына, туған-туысқандарына, әке-шешесіне қайғырып көңіл айтамын. Әрине, қиын. Жас өлім ешқайсымыздың басымызға бермесін. Мен де әкемін, 3 бала тәрбиелеп, өсіріп отырмын. Біздің отбасымызға да, әрине, оңай болып тұрған жоқ. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпараттар менің және отбасымның мазасын алды, қанша күн бойы ұйықтамадық. «Банда» деп жатыр, «ОПГ» деп жатыр, ондайға менің қатысым жоқ. Заң алдында сотталмағанмын, заңмен ешқандай проблема болмаған. Әрине, «інісі сотталған» деп айтып жатыр. Інім 2017 жылдан бері өзінің жазасын өтеп жатыр, заң бәрімізге ортақ. Сондықтан жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймын. Адвокат жалдадым, адвокатпен қоса осы жалған ақпаратты таратқан тұлғалардың бәрін заң түрінде жауап беруін сұраймын. Және де, мен туралы «Хасан үйткен, бүйткен» деп көп нәрсе айтылып жатыр. Маған тікелей келіп, болмаса заң органдарына барып арызын жазсын. Біз заңды мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қанша күннен бері ұйықтай алмай, мазам кетіп, ойымды жинақтай алмай отырмын. Айтайын дегенім, жалған ақпаратты таратпауыңызды сұраймын. Қылмыскерлер ұсталып, заң бойынша өзінің жазаларын алады деп ойлаймын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)