Жақында әкесінен айырылған белгілі блогер сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

Фото: Instagram/abilovva_m

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Мерей Әбілова тұңғышын дүниеге әкелді. Желі жұлдызы мен футболшы Димаш Қашкен қызды болған, деп жазады Ozgeris.info.

Қуанышты жаңалықты жұлдызды ананың өзі Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. Блогер перзентханадан сәбиімен сурет жариялап, елден сүйінші сұрады.

«Қош келдің өмірге, қызым», — деп жазды желі жұлдызы.

Белгілі болғандай, Әбілова 5 қыркүйек күні босанған. Алайда сүйінші хабарды тек бүгін жария етуді ұйғарған. Желі қолданушылары жас ата-ананы жарыса құттақтап, оларға ақ тілектерін жолдады.

«Бауы берік болсын», «Анасына ұқсаған сұлу ару болып өсе берсін», «Қандай керемет жаңалық. Сіздер үшін қуаныштымыз», «Бақытты болыңыздар. Балапаныңыздың дені сау, өмір жолы ашық болсын», «Мерейде енді аналар туралы жазба көбейетін болды», «Мерейге ана болған жарасады екен», — деп жазуда көпшілік. 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by ABILOVVA MEREY (@abilovva_m)