Жайдарман – еліміздегі ең алғашқы жастар арасындағы әзілден құралған ойын түрі. Астары бар әзіл, саясаттың қыр-сырын күлкі арқылы жеткізу, әрбір адамның қолынан келе бермейді. Осындай талантты жастар қоғамға үлестерін қосып және жалпы жастар саясатындағы қозғалысты дамытып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуде атсалысып жүрген жастар баршылық. 20 жылдан астам тарихымен талай жастарды биік шыңдарда көрсетіп жүрген бұл ойынның орны ерекше.
Осыған орай, Ақмола облысы әкімдігі және ішкі саясат басқармасының қолдауымен Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы «JAIDARMAN» ашық әзіл-сықақ фестивалін ағымдағы жылдың 29 жұлдызында өткізді. Қызыққа толы жергілікті командалардан бөлек, ойынға еліміздің өзге қалаларының үздік жайдарманшылары қатысты. Атап айтсақ, елордамыз Астана, Семей және Петропавл қалаларынан келген үздік жайдарманшылар. Сондай-ақ, аталмыш шараға ҚР «Жайдарман» ойынының Президенті – Есентүгел Елеукен қатысып, өңірлік жайдарманшыларға қолдауын білдіріп, ойынның өте жоғары деңгейде өткені туралы тоқталып кетті.
«Жайдарман бұл – жастарды бір ортаға жинайтын ойын. Жас жайдарманшыларға айтарым, командаларыңызда ауыз біршілік, сыйластық болсын. Бір-бірлеріңізді түсіне білсеңіздер өте керемет команда боласыздар. Ең бастысы дайындық… Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпір жерлеріне барып, аталмыш ойынды тамашалап, тәнті боп келемін. Шыныда да небір талантты жастарымыз бар екеніне көзіп жетті. Осындай дарынды, сатираға қабілеті бар жас ұрпақты көтеруіміз керек» — деп өз сөзінде Есентүгел ағамыз тоқталып кеткен болатын.
Ойын қорытындысы бойынша 1-орынды 500 мың теңге соммасымен және кубокпен Астана қаласынан келген «Элита» құрамасы қанжығасына салса, 2-орынды 250 мың теңге соммасымен Қосшы қаласынан «Қосшы» құрамасы және Семей қаласынан «Қарағайлы 34» командасы ие болды. Ал 3-орын жүлдегерлері атағына ие болғандар және 150 мың теңге соммасы бар сертификаттармен Көкшетау қаласының Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінен қатысқан «Есте қалсақ» және Семей қаласының «Қыздар емес» құрамасы марапатталды. «Үздік әзіл» номинациясына «Шоқан» құрамасы иеленсе, «Үздік ойыншы» номинациясын – «Элита» құрамасының ойыншысы Наурыз Сапаровқа бұйырды. Әр номинация жүлдегерлеріне 50 мың теңгелік сертификаттар табысталды.
Жайдарман сүйер жанкүйерлер залға лық толы отырғанымен көңілдері жай боп, керемет әсер алып, ойынды сағынғандары көрініп тұрды. Әрбір көрермен өз сүйген командаларына шынайы шапалақ ұрып, қолдау көрсетіп отырды.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
ПІКІР ЖАЗУ