Бүгін Талғар қаласындағы «Камажай» дүкеніне жақын орналасқан бес қабатты үйде тұратын 19 жастағы Данияр Жанболатұлы сотта куәлік берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның айтуынша, ол не күдіктілерді, не жәбірленушілерді танымайды. Достарымен бірге сол маңға анасының қоңырауынан кейін барған – анасы уайымдап, оны іздеген.
«Барсақ, жарақат алған жігіттер ғана тұр екен. Қателеспесем, олар Шерзаттың достары. Біреуінің басынан қан ағып жатты, өзгелері де шошып, қобалжып тұрды. Біз сол жерден алыстамай тұрып қалдық. Не болып жатқанын түсінбедік, жай ғана төбелес шығар деп ойладық», – деді Данияр Жанболатұлы.
Ол сондай-ақ оқиға орнына ең соңында келгенін, сондықтан ештеңе көрмегенін айтты.
Сотта одан Шерзат Болаттың анасын қалай танығаны да сұралды.
«Өйткені ол қатты жылап, айқайлап жатты. Сосын жаныма келіп, «Бұл – менің ұлым» деді», – деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру