12 Республикалық трассада су тасқыны салдарынан көлік қозғалысы шектелді -«Өзгеріс» ақпарттық-сараптамалық порталы.
«2024 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша сағат 11.30-да қардың жылынуына және күрт еруіне байланысты халықаралық және Республикалық маңызы бар автожолдарда бес облыста (Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО, ШҚО) жалпы ұзындығы 4970 метр болатын сегіз учаскеде (Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО, ШҚО) жол бөлігіне алып мұздардың және еріген сулардың шығуы кесірінен автожолдар жабық. Қозғалысты шектеу жеті облыста (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, ШҚО, СҚО) 550 км ұзақтықта Республикалық маңызы бар 12 автожолға таралады», — делінген.
Ұлттық компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық жолдарда 339 бірлік техника мен 723 адам жұмылдырылған.
ПІКІР ЖАЗУ