Қарағандылық блогер Денис Денски өз Instagram парақшасында (@denski_blog) Майқұдықтағы жолдың жағдайын көрсетті.
Қазір Қарағандының Майқұдық ауданындағы бұрынғы «Динамо» фабрикасының жанындағы жол құлаған жер осылай көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жерде асфальтта үлкен шұңқыр пайда болды. Бүгінгі таңда бұл жерде барлығы қазылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ неге екені белгісіз, жұмысшылар көрінбейді. Жергілікті тұрғындар жұмыс барысына онша риза емес. Бәрі де ұзаққа созылып жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ