Зеленский Ресейдің Қазақстанға да қауіп төндіріп отырғанын айтты

Владимир Зеленский Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Украинаға қарсы соғыста Ресей азық-түліктен бастап энергияға дейін бәрін қару ретінде қолданатынын айтты. Ол тағы да Мәскеуді украин балаларын ұрлады деп айыптады, деп жазады «Адырна» порталы. 

Ресей Украинамен соғыста азық-түлік пен энергиядан бастап балаларды ұрлауға дейін қолдан келгеннің барлығын пайдаланып жатыр, деді Украина президенті Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде.

«Осы қылмыстары үшін Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді, бірақ уақыт өтіп жатыр. Біз оларды қайтаруға тырысамыз. Ресейде оларды Украинаны жек көруге үйретеді», — деді Украина басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, Зеленский Ресейдің ядролық қаруды иеленуге құқығы жоқ екенін және басқалардың атом электр станцияларын «лас бомбаға» айналдырып жатқанын атап өтті.

Кремль азық-түлік дағдарысын пайдаланып, басқа елдерге басып алынған Украина аумақтарын Ресейдің бір бөлігі деп тану үшін қысым жасауда.

«Ресей әр онжылдықта жаңа соғыс бастайды: Молдова мен Грузияның бір бөлігі оккупацияланған күйінде қалады, Сирияны қирандыға айналдырды, Беларусьті толығымен жұтып, Қазақстан мен Балтық елдеріне қауіп төндіреді», — деп атап өтті Зеленский.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!