АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді тағы да «алғыссыздық» үшін айыптады, деп хабарлайды UlysMedia порталы.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.
– Джо Байденнің кезінде Зеленский АҚШ-тан ақша алғанын баланың кәмпитін тартып алғандай оңай көрді. Ол АҚШ-тың көмегі үшін ешқандай алғыс білдірмейді.
Мен Владимир Зеленскийдің Вашингтонға оралып, Украинаның сирек кездесетін металдары бойынша келісімге қол қоюын күтемін, – деді Трамп.
Сол сұхбатында АҚШ басшысы Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста екенін, бірақ өзінің «Ресейге қатысты қатаң ұстанымын алғашқы мерзімінен бері сақтап келе жатқанын» атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ