Ақмола облысында 64 жастағы зейнеткер алаяқтықтың құрбаны болды. Зейнеткерлің пәтеріне тазалық жұмыстарын жүргізуге келген белгісіз адам оның атына несие рәсімдеген, — деп хабарлайды Ozgeris.Info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Зейнеткер атына рәсімделген 2 миллион теңгелік несиені анықтаған соң бірден полиция бөліміне барды. Тәртіп сақшылары егде жастағы адамның сенімін пайдаланған күдіктіні анықтады.
«Ол бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған жәбірленушінің 37 жастағы ауылдасы болып шықты. Банктік несие рәсімделген күні әйел жәбірленушінің өтініші бойынша пәтерінде тамақ дайындаумен және тазалық жұмыстарымен айналысқаны белгілі болды. Әңгімеде ол жәбірленушінің банктік қосымшасына кіру паролі болатын туған күнін сұрап, алдап ер адам болмаған кезде атына несие рәсімдеген. Банк берген несиеге алынған қаражатын ұлының есеп шотына аударды», — делінген хабарламада.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ПІКІР ЖАЗУ