Қазақстанның алдында құқықтық мәдениеті жоғары, заңды құрметтейтін, гуманизм мен әділеттілік қағидаттары әрекет ететін құқықтық, азаматтық қоғам құру міндеті тұр. Ал бұл мақсат халықтың құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің, әлеуметтік және зияткерлік дамуының жоғары деңгейіне ие болған, өз таңдауын еркін қабылдаған және өз әрекеттері үшін дербес жауап беруге қабілетті болған кезде ғана орындалады.Осы орайда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Заң кеңесі» жобасы аясында жылжымалы мобильдік қызмет ұйымдастырылды.Мобильдік қызмет барысында базарлар мен емханаларда, сондай-ақ сауда орталықтарында, демалыс саябақтарында қала тұрғындарына тегін заңгерлік кеңестер берілді. Көкейдегі түйіткілді мәселеге түйінді жауап алған қала тұрғындары алдағы әрекетін саралап, бағыт-бағдар алды. Мобильдік қызметке жүгінген қала тұрғындарына ақпараттық консультациялар беріліп, құжаттар дайындауда әдістемелік көмектер көрсетілді. Оларға заңгерлер арыз, талап, өтініш жазып беріп, құқықтық қөмек берді. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Сізге заңгерлердің тегін көмегі қажет болса 8 777 890 89 00 «жедел желі» нөміріне хабарласыңыз немесе zankomek.kz сайтының «онлайн кеңесші» модульі арқылы сауал жолдаңыз немесе орталыққа келіңіз. Біздің мекенжайымыз: Алматы қаласы, Жүргенов көшесі 9/11, 4-қабат, 13-кеңсе.
Орталықты ұйымдастырушы: «Social project management» орталығы.
ПІКІР ЖАЗУ