Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатып, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке толық көңіл бөлу туралы шешім қабылдадым. Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына маған көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін.
Қаңтардағы қайғылы оқиғалар ашық аспансыз, Қазақстан халқының бірлігінсіз еліміздің өркендеуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті.
Болған оқиғаның бәрі – бүкіл халқымыздың үлкен қасіреті. Барлық оқиғаға мұқият және объективті тергеу жүргізу қажет деп санаймын, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек.
Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуге тиіспіз.Мен өз еліме және оның мүдделеріне қызмет ете беремін. Бұл үшін лауазым қажет емес», — делінген депутат Дариға Назарбаеваның үндеуінде.
ПІКІР ЖАЗУ