Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті құрықталды.

Қызылорда қалалық ПБ Тасбөгет полиция бөліміне дүкен иесі арызданды. Белгісіз біреу азық-түлік дүкенінің пластик терезесін күштеп ашып кіріп, ішінен бір ноутбук және тұрмыстық заттарды ұрлап кеткен. Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары күдікті 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы орайда полиция қызметкерлері дүкен иелеріне аса мұқият болуын және бейнебақылау камераларына дабыл жүйесін орнатуды сұрайды.

Фото: Polisia.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре