Қызылорда облысында мектептер мен балабақшаларда жалған дипломмен жұмыс істеу деректері анықталды. Бұл келеңсіздіктер прокуратураның тексеруі барысында анықталған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Тексеру барысында Байқоңырдағы 2 мектепте – 3, Қазалыда 3 мектепте – 4, Қармақшыда 1 мектепте – 2 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болған.
«Сондай-ақ Сырдария ауданының балабақшаларында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау дерегі тіркелді. Материалдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына жіберілді. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы мектептерде 50-ден астам мұғалім заңсыз конкурссыз қабылданған. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы құзыреттілігі жоқ болса да мамандарды тікелей мектепке мұғалім ретінде тағайындаған», – деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Ведомство мәліметінше, тексеру нәтижесінде 56 қадағалау актісі енгізіліп, 1 100 (353 тәртіптік, 747 әкімшілік) адам түрлі жауапқа тартылды. Оның ішінде Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қызметінен босатылған.
ПІКІР ЖАЗУ