Қызылорда облысында іздеу жарияланған серіктестіктің бұрынғы төрағасы қолға түсті

Қызылорда облысында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу дерегі бойынша айып тағылған серіктестіктің бұрынғы төрағасы қолға түсті.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті бұдан бұрын «Мади-Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры Сейіткамал Абзалұлы Сұлтановқа іздеу жариялаған болатын.

Онда ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша айып тағылғаны айтылған.

«Күдікті Қызылорда ҚПБ-ның уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…