Қызылорда облысында интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Қызылорда облысында интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті.

14-16 мамыр аралығында облыс аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу және олардың алдын алуға бағытталған.

«Жедел шара барысында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Екі азамат қаланың 5 тұрғынының сеніміне кіріп, олардың атынан несие рәсімдеген. Тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгеден асады. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда олардың осы тектес басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Аталған іс-шараның бірінші күні 4 интернет-алаяқтық қылмысы ашылып, осы қылмыстарға қатысы бар күдіктілер ішкі істер органдарына жеткізілді.

Фото: Kazinform


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…