Қызылорда облысында электр жабдықтары тиелген жүк көлігі өртенді

Қызылорда облысында өртенген электр жабдықтары тиелген жүк көлігі толық сөндірілді. 

25 мамырда Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Қазалы ауданының Байқожа ауылының тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында фура жүк автокөлігі жануда деген хабарлама келіп түскен.

«Барлау жұмыстарын жүргізу барысында «Volvo» жүк автокөлігіне тиелген жүктің салмағы 9 тонна болатын электр жабдықтары (розетка, включатель, переноска) жанғаны анықталды. Өрт толық сөндірілді. Оған №8 өрт сөндіру бөлімінен 1 техникасымен 6 қызметкер жұмылдырылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады.

Фото: Қызылорда облыстық ТЖД


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей