Қызылорда облысында екі полицей ұсталды

полиция
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің екі қызметкерін ұстады. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Департамент мамандары 19 маусымда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі миграция қызметінің маманы Т.Н мен полицияның учаскелік инспекторы Ж.К-ні қолға түсірді.

21 маусымда тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қармақшы аудандық сотының қарауына ұсынылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де деректер жария етуге жатпайды», — деді Қызылорда облыстық прокуратурасында.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств