Қызылорда облысында жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген 112 мұғалім анықталды, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Бұл жөнінде Қызыорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Жоғары оқу орындарына сұрау салу мониторингі нәтижесінде облыс бойынша жалған дипломмен 112 дерегі анықталған. Ол бойынша құзырлы органға ұсыным жолданған.
Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтар-маусым айларында аттестаттау комиссиясымен 863 құжатты қаралып, 24 мұғалімнен жалған құжаттың ізі байқалған. Ал шілде-желтоқсан аралығында 14 мұғалім түпнұсқаны дәлелдей алмады. Алайда әрбір педагогтан түсініктеме алып, жалақыға үстеме төлеу ісінде бюджетке шығын келтірмеуге назар аударылды.
Аталған деректердің әрбірі педагогтік әдеп жөніндегі кеңестерде қаралуда.
«Біз облыстық деңгейде жыл сайын педагогтарды аттестациялау барысында мұғалімдердің портфолиоға жалған құжаттарды салу жағдайын анықтап келеміз. Әсіресе күмән келтіретін құжаттарды (сертификат, грамота) ұлттық біліктілік тестілеудің түпнұсқаға сәйкестігін нақтылау ісін ашық жүргізіледі. Теріс әрекеттерге қатысты деректерді дер кезінде анықтау мән берілуде», — деді басқарма басшысы.
«ozgeris.info».
ПІКІР ЖАЗУ