Алматыда бүгін түнімен афтершоктар үзілген жоқ. Түнгі екіден бері төртеу болды. Дәл қазір сейсмикалық стансалар желісі тағы екі жер сілкінісін тіркеді.
Бұл жолғы дүмпу таңғы сағат 08:39 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.3. MPV магнитудасы — 4.4.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Афтершок он-он бес минутта тағы қайталанды. Астана уақытымен таңғы 08:54 шамасында.
Дүмпудің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.4. MPV магнитудасы — 5.1.
Тереңдігі — 5 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Жалпы соңғы төрт жер сілкінісін де қазақстандықтар сезбеді.
Фото: assicuraci.it
ПІКІР ЖАЗУ