17 шілдеге қараған түні Қырым көпірінде жарылыс болды. Нақты қандай жағдай орын алды? Украина мен Ресей билігі қандай реакция білдірді? Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
Оқиға орын алған жерде көлік қозғалысы тоқтатылды. Кейін әлеуметтік желілерде Қырым көпіріне жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Видеода мылтық, жарылыс және дабыл дыбысы естіледі.
Жергілікті ақпарат көздері екі бірдей жарылыс болғанын хабарлады. Ал Telegram арналары жариялаған фотосуреттер көпірдің екі жағы да айтарлықтай зақымдалғанын көрсетеді.
Ресейдің ұстанымы
Ресейдің Тергеу комитеті шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады. Өз кезегінде Ұлттық лаңкестікке қарсы комитет көпірге екі жер үсті ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасалғанын хабарлады. Екі агенттік те шабуылға Украинаны айыптап отыр. Ресей Сыртқы істер министрлігі Қырым көпіріне шабуылды америкалық және британдық барлау қызметтерінің қатысуымен Украина әскерилері жасағанын хабарлады.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путиннің Қырым көпіріне жасалған шабуылдан құлағдар екенін айтты.
«Кремль шабуылдың себептері мен оны кім ұйысдастырғанын біледі», — деді.
Украина тарапы не дейді?
Украина билігі көпірге келтірілген залалға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы көпірдің жарылуы туралы тікелей түсініктеме бермеді.
Украинаның Қауіпсіздік қызметі жарылысты ұйымдастырудың егжей-тегжейлерін «Украина жеңісінен кейін» ашуға уәде берді. Жоғарғы Раданың депутаты Алексей Гончаренко көпірге жасалған шабуылды Украина үшін «үлкен табыс» деп атады.
Қазіргі жағдай қандай?
Ресей премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин Қырым көпіріндегі төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияны басқаруда. Оның айтуынша, құрылысшылар Қырым көпірін тексеріп жатыр.
Пойыздар мен паромдардың қозғалысы қалыпқа келтірілді, автобус жолаушылары көпірден арнайы іске қосылған электр пойыздары арқылы өтуде.
ПІКІР ЖАЗУ