Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білу ​​міндеттеледі

Көрші мемлекет Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді ​​міндеттейтін жаңа заң қабылданды. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Заңға сәйкес, енді қырғыз тілі мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелер мен ұйымдардың қызметінде міндетті түрде қолданылуы тиіс.

Сондай-ақ елдегі депутаттар, құқық қорғау органы қызметкерлері, білім беру ұйымының мамандары мен дәрігерлер де қырғызша білуге міндетті.

Телерадиокомпаниялар да бағдарламаларының кемінде 60% қырғыз тілінде көрсетуі қажет. Ал шетелдік ұйымдардың атауы мемлекеттік тілге транслитерациямен беріледі.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада былай көрсетілген:

«Қырғыз Республикасы өз аумағында тұратын барлық этнос өкілдерінің өз тілін еркін пайдалану қағидасын ұстанады және осы тілдердің дамуына жағдай жасауға кепілдік береді. Қырғыз Республикасының әрбір азаматы өз ана тілін сақтауға, оқуға, әрі дамытуға жағдай жасауға құқылы», — делінген.

Еске сала кетсек, Қырғызстанда қырғыз тілі заңды түрде мемлекет тіл боп бекітілген. Орыс тілі ресми тіл ретінде ғана қолданылады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!