Қазақстан билігі алаяқтықпен күрес аясында SIM-карталарды сатуға жаңа шектеулер енгізуді жоспарлауда, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәжілістегі талқылау барысында алаяқтардың азаматтарды алдау үшін WhatsApp сияқты мессенджерлерді жиі пайдаланатынын түсіндірді.
«Біз заңнамалық түрде нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтару бастамасымен шығамыз. Қазір байланыс операторлары пайдаланушыларға нөмірлер береді, бірақ біз азаматтардың ұялы телефондар мен қалалық нөмірлерге арналған нөмірлерді электрондық үкімет порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы алуын жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бір жеке тұлғаға тіркеуге болатын SIM-карталар саны шектеледі», — деп атап өтті шенеунік.
Бұдан басқа, SIM-карталарды жұмыс істеу үшін пайдаланатын компаниялар әрбір нөмірді сатып алуды негіздеуге міндетті болады. Аталған заңнамалық бастамалар жақын арада ресми түрде ұсынылады деп күтілуде.
Ақпарат ORDA telegram арнасынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ