Израиль Иранның тікелей шабуылына дайындалуда. Бұл алдағы 24-48 сағатта болады деген болжам бар. Мұны, атап айтқанда, АҚШ барлау деректері көрсетеді. Бұл туралы АҚШ-тың Wall Street Journal газеті жағдаймен таныс дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.
Өз кезегінде Израильдегі Америка елшілігі өз қызметкерлеріне бұл күндері Иерусалим, Тель-Авив және Бершевадан кетпеу керектігін ескертті.
Сонымен қатар Ұлыбритания СІМ «Иранның Израильге шабуыл жасау мүмкіндігі» туралы мәлімдеді. Ұлыбритания өз азаматтарына өткен жылдың қазан айынан бастап Израильге сапар шегу қаупі бар екендігі туралы ескертеді. Айтас кетсек, өткен жылдың қазан айында Израильге ХАМАС содырлары шабуыл жасады.
ПІКІР ЖАЗУ