Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев VPN қолдану TikTok жұмысына қиындық тудыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Ол бұл туралы Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты. Ал TikTok-тың жұмысына ықтимал шектеулерге қатысты сұрақтарды Мәдиев Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдады.
– VPN қолданылған кезде, керісінше, компаниялардың, соның ішінде TikTok-тың жұмысы қиындайды. IP-адрестің ауысуы салдарынан қазақ және орыс тіліндегі контентті модерациялайтын мамандар заңға сәйкес келмейтін трафикті тез анықтай алмайды. Біз TikTok компаниясымен тұрақты түрде келіссөздер жүргізіп отырамыз, – деді министр.м
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру