Вьетнамдық компания Қазақстандағы әуежайды уақытша басқаруға алады

Aviata.kz

Сыртқы істер вице-министрі Алибек Бақаевтың айтуынша, вьетнамдық Sovico Group компаниясы Қазақстандағы бір әуежайды басқаруға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengri Travel порталына сілтемемен.

Бұған дейін вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Sovico Group еліміздегі бір әуежайды сатып алуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Айта кетейік, өткен жылы бұл компания Qazaq Air әуе компаниясын иеленген болатын.

“Олар әуежайды сатып алудан гөрі басқаруға алуды көздеп отыр, өйткені әуе компаниясының өз базалық әуежайы болғаны маңызды”, – деді Жұманғарин.

Сенат дәлізінде БАҚ өкілдері Алибек Бақаевтан Sovico Group қай әуежайды алуы мүмкін екенін сұрады. Вице-министр бұл сатып алу емес, уақытша басқаруға беру екенін нақтылады.

“Қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатыр. Мәселе вьетнамдық тараптың белгілі бір уақытқа әуежайды басқаруына қатысты. Бұл, ең алдымен, әуежайдағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі күні Қызылорда облысындағы әуежай туралы сөз қозғалуда”, – деді ол.