Вашингтондағы әуе апаты: аспанда жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысқан

видеодан кадр

АҚШ астанасы Вашингтонда жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соғылып, сынықтар Потомак өзеніне құлады.

Трагедия туралы Трампқа баяндады. NBC көзі тірі қалғандар болуы мүмкін деп жазады. Судан төрт адам шығарылды. Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болды. Шұғыл қызметтер жұмыс істеуде.

Американдық БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ құлаған өзендегі судың температурасы шамамен 2 градус Цельсийді құрайды.

«Осындай температурада адам 15-30 минуттан кейін есінен танады», — деп жазады NBC.

АҚШ Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, жолаушылар ұшағымен соқтығысқан АҚШ армиясының Black Hawk тікұшағында үш адамнан тұратын экипаж болған және VIP-адамдарды тасымалдамаған.