«Ұят емес пе?!»: Елордалық қария наурыз көженің сатылғанына ашуланды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Астанада мереке кезінде ақсақал Наурыз көженің тегін таратылмай, сатылып жатқанына ашуланып, ұрысып тастады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Әлеуметтік желіде Наурыз көжені сатып жүргендерге ашуланған қарттың видеосы тарады.

“Ұят емес пе?! Қазақстанның халқы мал болып кеткен бе? Кім мынаны саудаға айналдыр деп айтты? Бұл наурыз емес пе”, – деді ашынған қария.

Ақсақалдың бұл сөзін қолдағандардың қарасы көп.

“Келісемін, не салт-дәстүр бойынша дайындап елге тарат, болмаса мүлдем жасамай-ақ қой”, “Қарияларға тегін таратса да болар еді”, “Қарағандыдағы супермаркетте кофе, шай, бауырсақ, жеміс-жидек пен кәмпиттерді тегін таратты”, “Ақсақалдікі жөн, надан болып кеттік”, “Дәстүрді кәсіпке айналдырып алған”, “Бірақ тегін таратса халық жабайыланып кетеді”,  – деп жазды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Важные народные новости (@novosti.karagandy.kz)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит